«Реал» Тибо Куртуамен келісімшарт мерзімін ұзартады

«Реал» Тибо Куртуамен келісімшарт мерзімін ұзартады

«Реалдың» бельгиялық қақпашысы Тибо Куртуа мадридтік командада қалуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Дереккөздің хабарлауынша, Куртуа мен испаниялық клуб келісімшарт мерзімін 2027 жылға дейін ұзартуға жақын. Қақпашының «Реалмен» қазіргі келісімшарты 2026 жылдың 30 маусымына дейін.

Осы маусымда Куртуа барлық турнирлерде 44 матч өткізіп, 50 гол жіберіп алды. Бельгиялық 14 рет қақпасын таза ұстаған. Transfermarkt оның құнын 25 миллион еуроға бағалайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или