Әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы Германиядан жеңіліп қалды

Әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы Германиядан жеңіліп қалды

Бүгін 11 мамырда Данияның Хернинг қаласындағы «Йюске Банк Боксен» стадионында Германия мен Қазақстан құрамалары арасында шайбалы хоккейден 2025 жылғы әлем чемпионаты аясында «В» тобының ойыны өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу де 4:1 есебімен Германия жеңіске жетті. 4-минутта қазақстандық шабуылшы Никита Михайлис есеп ашты. Қазақстан қақпасына шайбаны Максимилиан Кастнер (14-минут), Войцех Стаховяк (35), Лукас Райхель (42) және Лукас Кельбле (46) соқты.

Германия - Қазақстан 4:1 (1:1, 1:0, 2:0)

0:1 - Михайлис (Шестаков) - 03:05

1:1 - Кастнер (Эль, Зайдер) - 13:09

2:1 - Стаховяк (Кахун, Шутц) - 34:53

3:1 - Райхель (Тиффельс, Кельбль) - 41:49

4:1 - Кельбль (Эль, Кастнер) - 45:33

Қақпашылар: Нидербергер - Павленко.

Айта кетейік, Қазақстан 2025 жылғы әлем чемпионатында В тобында өнер көрсетіп жатыр. Олег Болякиннің шәкірттері Норвегия, Чехия, Швейцария, АҚШ, Германия, Дания және Венгрия құрамаларымен кездеседі. Матчтар Хернинг қаласында (Дания) өтіп жатыр.

Қазақстан келесі кездесуін Венгрия құрамасына қарсы өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или