Голдан кейінгі дүрбелең: «Гавр» - ъ«Марсель» ойыны тоқтап қалды

Франция чемпионатының 33-турында «Гавр» мен «Марсель» клубтары кездесті. Алаң иелерінің жанкүйерлері голдан кейін тәртіпсіздік шығарып, матч уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Sportnews.kz.
Ойын «Гаврдың» алаңында өтті. 56-минутта Амин Гуиридің соққан голынан кейін жергілікті жанкүйерлер қонақтардың секторына қарай лап қойды. Соның салдарынан кейбір көрермендер, соның ішінде марсельдік фанаттар алаңға шығып кетті.
Бас төреші Вилли Делажо жағдайды бақылауға алып, ойынды дереу тоқтатты. Футболшылар киім ауыстыру бөлмесіне жіберілді.
Тәртіп сақшылары қауіпсіздікті күшейткен соң, матч 62-минуттан қайта жалғасты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или