Қазақстандық таеквондошы әлем чемпионатында топ жарды

Қазақстандық таеквондошы әлем чемпионатында топ жарды

Фуджейра қаласында (БАӘ) таеквондодан (WT) жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп жазады Prosports.kz сайты inform.kz-ке сілтеме жасап.

Жарыстың алғашқы күнінде 61 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған қазақстандық Ромашкин Хамзаальпер жеңімпаз атанды. 

Ромашкин финалда 0:11 есебімен канадалық Никола Самордичқа есе жіберіп тұрып, үшінші раундтың аяқталуына 20 секунд қалғанда, жеңісті жұлып алды. Қорытынды есеп – 17:15.

Ромашкин Хамзаальпер әлем чемпионатының финалына дейін Иордания, Иран, AIN және Тайпей өкілдерімен кездесіп, оларды тізе бүктірді.

Дүниежүзілік додаға 80 елден 811 жасөспірім таеквондошы қатысып жатыр. Әлем чемпионаты 14 мамырға дейін жалғасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или