Ташкент. OCTAGON 72 турнирі. Тікелей трансляция

11 мамырда Ташкентте беделді Еуразиялық жекпе-жек лигасының OCTAGON 72 нөмірлі турнирі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Турнирдің басты шайқасынында жеңіл салмақта титул иегері өзбекстандық Достон Бозоров (11-1) пен ТМД ММА әлемінде танымал тәжікстандық файтер Фазлиддин «Карим» Мадрахимов (14-5-1) төбелеседі.
Турнирдің екінші маңызды жекпе-жегінде өзбекстандық «Қоқан арыстаны» Амирхон Алихужаев (11-5) бразилиялық Маноэль Дос Сантос (12-6) кездеседі.
Қазақстандық ММА жанкүйерлері Өзбекстан өкілі Хусанбой Атабаевпен (10-11) жеңіліс көрмеген Саят «Аватар» Әбдуәлидің (7-0) жекпе-жегін тағатсыздана күтуде.
Бір күн бұрын файтерлер бетпе-бет кездесіп, салмақ өлшеу рәсімінен өтті:
OCTAGON 72 турнирінің тікелей трансляциясы сағат 17:00-де басталып, OCTAGON TV YouTube арнасында көрсетіледі.