«Атлетико» шабуылшысы жарты сағатта покер жасады

«Атлетико» шабуылшысы жарты сағатта покер жасады

«Атлетико» шабуылшысы Александр Сёрлот Испания Ла Лигасының 35-ші турында «Реал Сосьедадқа» қарсы ойында (4:0) бірегей жетістікке қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

11-минутта норвегиялық хет-трик жасаса, 30-шы минутта төрт гол соқты. Осылайша, Сёрлот Испания чемпионаты тарихындағы ең жылдам хет-триктің авторы атанды – ол 1941 жылы «Валенсияның» шабуылшысы Эдмундо Суарестің рекордын жаңартты. Сёрлот сонымен қатар «Атлетико» тарихындағы ең жылдам покер авторы атанды. 

70 ұпай жинаған «Атлетико» үшінші орында тұр. «Реал Сосьедад» 43 ұпаймен 12-орында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или