Александр Бублик Рим турнирінен шығып қалды

Қазақстандық теннисші Александр Бублик ATP-1000 сериясындағы Рим турнирінің 1/32 финалында норвегиялық Каспер Руудқа жол берді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Үш сетке созылған кездесудің алғашқы партиясында айқас тартысты болды, алайда норвежец 6:4 есебімен жеңді. Екінші сетте Бублик есепті 6:4 қылып, сенімді басымдық көрсетті. Бірақ шешуші сетте Рууд 6:3 нәтижесімен жеңісті жұлып алды.
Қазіргі таңда Александр ATP рейтингінде 76-орында тұр. Ал Каспер Рууд — мадридтік «Мастерс» жеңімпазы — әлемдік рейтингте жетінші сатыда.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или