«Тобыл» Астанада айқын басымдықпен жеңіске жетті

Қостанайдың «Тобылы» Қазақстан Премьер-лигасының 8-турындағы сырт алаңдағы ойында «Астананы» тас-талқан етті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Матч 3:1 есебімен аяқталды. Жеңімпаздар сапынан Николай Сигневич дубль авторы атанса, тағы бір голды Ахмед Эль-Мессауди соқты.
Осы жеңістен кейін «Тобыл» 8 турдан соң 17 ұпаймен үшінші орынға жайғасты. Ал «Астана» 18 ұпаймен екінші орыннан түскен жоқ.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или