Анчелотти ерекше есінде қалған үш финалды атады

Анчелотти ерекше есінде қалған үш финалды атады

«Реалдың» бас бапкері Карло Анчелотти 350 матчтың ішінде қай үш кездесуді ең ұмытылмас деп санайтынын айтып берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«2014 жылы Лиссабонда өткен финал, 2022 жылы Парижде өткен финал және 2024 жылы Лондонда өткен финал. Бұл сұрақтың жауабы оңай», — деді Анчелотти баспасөз мәслихатында.

Естеріңізге сала кетейік, 2013/2014 жылғы маусымдағы Чемпиондар лигасының финалында «Реал» қосымша уақытта мадридтік «Атлетиконы» 4:1 есебімен жеңген болатын. 2022 жылғы финалда «корольдік клуб» «Ливерпульді» 1:0 есебімен ұтса, 2024 жылы дортмундтық «Боруссияны» 2:0 нәтижесімен жеңді.

Анчелоттидің айтуынша, дәл осы ойындар оның Еуропадағы ең атақты клубтардың біріндегі мансабындағы маңызды сәттер болып саналады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или