Қазақстандық теннисші Жапониядағы турнирде финалға бір қадам жетпей қалды

Қазақстандық теннисші Жапониядағы турнирде финалға бір қадам жетпей қалды

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Жапонияның Фукуока қаласында өтіп жатқан ITF W35 сериясындағы турнирдегі өнерін аяқтады. Жартылай финалда тәжірибелі спортшы жергілікті теннисші Химено Сакацумеге есе жіберді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

Кездесу 1 сағат 43 минутқа созылды.

Дияс ойынды белсенді бастап, бірінші сетте 7:5 есебімен сенімді жеңіске жетті. Алайда соңғы екі сет Сакацуменің пайдасына аяқталды — 1:6, 1:6. Осылайша, қазақстандық теннисші турнирден жартылай финал кезеңінде шығып қалды.

ITF W35 Фукуока. Хард. Жартылай финал. Зарина Дияс (Қазақстан) — Химено Сакацуме (Жапония) — 7:5, 1:6, 1:6

Жартылай финалға дейін Дияс турнирдің басты фавориті, бірінші нөмірлі аустралиялық Лизетт Кабрераны жеңіп, мықты ойын көрсеткен болатын.

5 мамырда жаңартылған WTA рейтингінде Зарина Дияс 318-орында тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или