Қазақстан тумасы Рахмоновқа UFC белбеуін жеңіп алуына тілек білдірді

Қазақстан тумасы Рахмоновқа UFC белбеуін жеңіп алуына тілек білдірді

Танымал UFC файтері Рафаэль Физиев қазақстандық Шавкат Рахмонов жақын арада жартылай орта салмақта UFC чемпионы атанады деп үміттенеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Мен Шавкаттың таяу уақытта титул үшін жекпе-жек өткізеді деп үміттенемін, себебі ол оған лайық. Қанша жекпе-жек, қанша жеңіс, оның бәрі дерлік ерте аяқталған, Гарриден басқасы.

Мен үміттенемін, бірақ бәрі өзіне байланысты. Ол ешқайда асықпайтын, асыққанды ұнатпайтын адам. Өзіне тән сабырлылығы бар, жоспары бар, сол жоспарымен жай жүріп келеді.

Мен оның титул үшін айқасуын асыға күтемін. Оның жеңіске жетуін қалаймын, Қазақстанда өз чемпионымыз болғанын қалар едім», – деді Физиев «Спорт Шредингера» YouTube-арнасына берген сұхбатында.

Рахмонов кейінгі жекпе-жегін 2024 жылы желтоқсанда UFC 310 турнирінде Иэн Гэрриге қарсы өткізді. Толық қашықтыққа созылған бұл кездесуде Шавкат төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетті. Оның еншісінде 19 жеңіс және бірде-бір жеңіліс жоқ.

Физиевтің өзі жеңіл салмақта өнер көрсетеді және келесі жекпе-жегін 21 маусымда Бакудегі UFC турнирінде өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или