Ламин Ямаль әлемнің үздік футболшыларын атады

«Барселона» вингері Ламин Ямаль әлемнің үздік футболшыларын атады, деп хабарлайды Prosports.kz.
17 жастағы футболшы «Пари Сен-Жермен» шабуылшысы Усман Дембеле мен «Арсеналдың» вингері Букайо Саканың өнерін ерекше атап өтті.
«Шынымды айтсам қазір, Усман Дембеле мен Букайо Сака жақсы ойнайды деп ойлаймын», - деп келтіреді Goal Ямальдің сөзін.
Осы маусымда Ямаль барлық турнирлерде 51 матчқа қатысып, 15 гол соғып, 24 нәтижелі пас берді. Transfermarkt порталында берілген ақпаратқа сәйкес, футболшының құны 180 миллион еуро.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или