Елена Рыбакина Римдегі турнирдің үшінші кезеңіне жолдама алды

Бүгін WTA 1000 санатындағы Internazionali BNL d'Italia турнирінде екінші айналымның кезекті кездесулері өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина бұл жарыста алғашқы матчын өткізді.
Оның қарсыласы — Германия өкілі, әлемдік рейтингте 63-орында тұрған Ева Лис болды.
Елена жас қарсыласына қарсы сенімді ойын көрсетіп, 7:6, 6:2 есебімен жеңіске жетті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или