«Ордабасы» бас бапкері тағайындалуы туралы айтып берді

«Ордабасы» бас бапкері тағайындалуы туралы айтып берді

«Ордабасы» бас бапкері Андрей Мартин Шымкент командаға тағайындалуы туралы айтып берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Ордабасы» басшылығы мен қала әкімдігі сенім білдіргеніне қуандым. Бұл менің карьерамдағы жаңа кезеңнің басталуы деп шештім. Қысқа уақыт ішінде команданы нөлден құру керек болды. Қазір ешкім бапкерге ұзақ уақыт жұмыс істеуге мүмкіндік бермейді. «Ойыныңды, стиліңді қалыптастыр» деген сөз жоқ, сондықтан бұл жағынан маған біраз қиынырақ», — деді маман «СCardinal» YouTube арнасына берген сұхбатында.

Молдовалық маман Шымкенттік команданың тізгінін өткен жылдың желтоқсан айында ұстаған. Бұған дейін ол Хынчешт қаласының «Петрокуб» клубын жаттықтырып, 2024 жылғы Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңіне алып шыққан болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или