Қазақстан чемпионаты: «Жетісу» «Астанадан» басым түсті

Бүгін футзалдан ел чемпионатының кезекті тур ойындары өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Талдықорғандық «Жетісу» тоғызыншы орында тұрған «Астанамен» кездесіп, 5:2 (алғашқы тайм – 2:0) есебімен басым түсті. Бұл жеңіліс елордалық команданың плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігін біршама төмендетті.
«Жетісу» 37 ойында 44 ұпай жинап, турнир кестесінде 7-орынға жайғасты. «Астананың» еншісінде 35 кездесуден кейін 28 ұпай бар. Ал сегізінші орында тұрған оралдық «Бәйтерек» 38 матчтан кейін 38 ұпайға ие.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или