«Байер» осы маусымның соңында Хаби Алонсо клубтан кететінін мәлімдеді

«Байердің» баспасөз қызметі команданың бас бапкері Хаби Алонсо осы маусымның соңында клубтан кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұған дейін испан маманы Карло Анчелоттиден мадридтік «Реалдың» тізгінін алатыны туралы ақпарат тараған еді.
«Байер» футбол әлемінде Хаби Алонсоның жетекшілігімен қол жеткізген жетістіктері арқылы мойындалды. Біз Германия чемпионатындағы, ел кубогындағы жеңістерімізбен мақтанамыз, УЕФА Еуропа лигасының финалына шыққанымызға және Германияның Суперкубогын жеңіп алғанымызға қуаныштымыз», — деп келтіреді «Байердің» бас директоры Фернандо Карроның сөзін клуб баспасөз қызметі.
Хаби Алонсо «Байер» командасын 2022 жылдан бері жаттықтырып келеді. Оның жетекшілігімен команда Германия чемпионы атанып, өткен маусымда ел кубогын жеңіп алды. Бұған дейін испан маманы «Реал Сосьедадтың» жастар және резервтік командаларын баптаған.