Хоккейден ӘЧ: Қазақстан құрамасының қарсыласы турнирге қатысатын құрамын жариялады

Швейцария құрамасының бапкерлік штабы 9–25 мамыр аралығында Швеция мен Данияда өтетін әлем чемпионатына қатысатын құрамын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Shaiba.kz сайтына сілтеме жасап.
Қақпашылар: Стефан Шарлен («Лангнау Тайгерс», Швейцария), Леонардо Дженони.
Қорғаушылар: Дин Кукан, Кристиан Марти («Цюрих Лайонс», Швейцария), Андреа Глаузер («Лозанна», Швейцария), Михаэль Фора («Давос», Швейцария), Тим Берни («Женева-Серветт», Швейцария), Йонас Зигенталер («Нью-Джерси Девилз», АҚШ), Янис Мозер («Тампа-Бэй Лайтнинг», АҚШ).
Шабуылшылар: Саймон Кнак, Андрес Амбюль (екеуі де – «Давос», Швейцария), Дамьен Риат, Кен Ягер (екеуі де – «Лозанна», Швейцария), Нико Хишир («Нью-Джерси Девилз», АҚШ), Грегори Хофманн («Цуг», Швейцария), Тимо Майер, Денис Мальгин, Николя Бехлер, Свен Андригетто (барлығы – «Цюрих Лайонс», Швейцария), Сандро Шмид, Кристоф Бертши (екеуі де – «Фрибур-Готтерон», Швейцария), Тайлер Мой («Рапперсвиль-Йона Лейкерс», Швейцария).
Швейцария құрамасы топтық кезеңде Қазақстан, Чехия, Дания, Венгрия, Норвегия, Германия және АҚШ құрамаларымен кездеседі.