Салах Англияда жылдың үздік ойыншысы атанды

Салах Англияда жылдың үздік ойыншысы атанды

«Ливерпуль» шабуылшысы Мохаммед Салах Англияда Футбол журналистері қауымдастығының нұсқасы бойынша жылдың үздік ойыншысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Мысырлық футболшы 90 пайыз дауыс жинады, бұл XXI ғасырдағы ең жоғары көрсеткіш. Салах бұл марапатты үшінші рет иеленіп (сондай-ақ 2018 және 2022 жылдары), Тьерри Анридің рекордын қайталады.

Дауыс беру қорытындысы бойынша үздік үштікке сондай-ақ Вирджил ван Дейк («Ливерпуль») пен Александер Исак («Ньюкасл») енді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или