Ғұсман Қырғызбаев Астанадағы Grand Slam турнирінде күміске қол жеткізді

Ғұсман Қырғызбаев Qazaqstan Barysy Grand Slam 2025 турнирінің күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
66 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз ақтық сында ресейлік балуан Рамазан Абдуллаевқа есе жіберді.
Осылайша бүгінгі жарыс күніндегі төртінші жүлде болып түсті қоржынға. Бұған дейін 60 келіде сынға түскен үш дзюдошымыз екі қола, бір күміс жүлде еншілеген болатын.
Айта кетейік, бұл доданың нәтижесінде IJF ережелеріне сәйкес жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері арасында Әлемдік және олимпиадалық рейтингтерде ұпайлар бөлінеді. Атап айтқанда, І орын үшін 1000, ІІ орын үшін – 700, ал ІІІ орын үшін – 500 ұпай есептелетін болады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или