Қазақстандық дзюдошылар Астанадағы турнирде бір салмақта үш жүлде алды

Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде 60 келі салмақта үш дзюдошымыз жүлде алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Финалда белдескен Талғат Орынбасар Grand Slam турнирінің күміс жүлдегері атанды. Қазақстандық татами шебері 60 келі салмақтағы финалдық айқаста IJF өкілі Изнаур Сааевқа жол берді.
Қола медаль үшін күрескен Аман Бақытжан мен Мағжан Шамшадин қарсыластарын жеңіп, турнирді үшінші орынмен аяқтады. Аман Бақытжан Оңтүстік Корея өкілі Ли Хариманы жеңсе, Мағжан Шамшадин француз Энцо Джинді ұтты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или