Ресми: Хаби Алонсо «Байерден» кетеді

Испаниялық Хаби Алонсо Германияның «Байер» клубынан кететіні белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Леверкузеннің клубы маусым соңында қош айтысатындарын хабарлады.
43 жастағы маман «Байерді» 2022 жылы тізгіндеген еді. Содан бері 138 матч өткізді. 89 рет жеңіске жетіп, 31 рет тең ойнап, 18 рет жеңіліс тапқан. Сондай-ақ неміс клубымен 3 трофей жеңіп алды.
Осыған дейін Хабидің мадридтік «Реал» клубының бас бапкері болатыны хабарланған еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или