Байдарка мен каноэде ескек есуден АЧ: қазақстандық спортшы күміс жүлдегер атанды

Байдарка мен каноэде ескек есуден АЧ: қазақстандық спортшы күміс жүлдегер атанды

Байдарка мен каноэде ескек есуден Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қытайдың Наньчан қаласында өтіп жатқан байдарка мен каноэде ескек есуден сары құрлық чемпионатында Қазақстан командасы алғашқы жүлдеге қол жеткізді.

Стелла Суханова 1000 метрге байдаркамен жарыста күміс жүлдегер атанды. Бұл сында Қытай спортшысы мәреге бірінші жетті. Үздік үштікті Иран ескек есу шеберлері түйіндеді. 

Айта кетейік, финалдар әлі жалғасып жатыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или