ММА. Топурия ресми түрде қарсыласы мен жекпе-жек өтетін күнін жариялады

Жеңіл салмақта (66 келіге дейін) UFC титулының бұрыңғы иегері, испандық-грузиялық Илья Топурия El Hormiguero телеарнасына берген сұхбатында келесі жекпе-жегін 28 маусымда UFC 317 аясында жеңіл салмақтағы (70 келіге дейін) UFC чемпионы ресейлік Ислам Махачевке немесе бразилиялық Чарльз Оливейраға қарсы өткізетінін мәлімдеді.
Топурия 28 жаста. Испан-грузин UFC-де 2020 жылдан бері бақ сынап келеді. 2024 жылдың ақпанында UFC 298 турнирінде австралиялық Александр Волкановскиді екінші раундта нокаутқа түсіріп, чемпиондық атағын жеңіп алды.
Абу-Дабиде (БАӘ) өткен UFC 308 турниріндегі соңғы жекпе-жегінде Топурия америкалық Макс Холлоуэйді үшінші раундта нокаутқа түсіріп, титулын сәтті қорғады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или