Әділет Садыбеков ҚПЛ-да мерейтойлық кездесу өткізді

22 жастағы «Қайрат» жартылай қорғаушысы Әділет Садыбеков Қазақстан Премьер-лигасында жетінші турда «Ұлытау» командасына қарсы өткен ойында (4:1) 50-ші ойынын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Қайрат» академиясының түлегі Әділет Садыбеков футбол жолын 2021 жылы «Қайрат-Жастар» құрамында бастады. Премьер-лигадағы дебютін 2022 жылы 3 шілдеде Алматыда «Қайрат» сапында «Ақжайыққа» қарсы ойында (2:0) өткізді. Ол Данияр Үсеновтің орнына 82-минутта алаңға шықты.
Бүгінге дейін ол «Қайрат» сапында Премьер-лигада 50 кездесу өткізіп, 4 гол соққан.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или