Исламбек Қуат алматылық «Қайратқа» қарсы матчқа қатыспайды

Исламбек Қуат алматылық «Қайратқа» қарсы матчқа қатыспайды

«Жеңістің» 32 жастағы жартылай қорғаушысы Исламбек Қуат алдағы премьер-лиганың 20-туры аясында «Қайратқа» қарсы ойынға шықпайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жетінші турда «Ақтөбемен» өткен ойында (0:1) Исламбек Қуат маусымдағы төртінші рет ескерту қағазын алды. Ол алдағы «Қайратқа» қарсы кездесуге қатыса алмайды. 2014-2019 жылдар аралығында Қуат «Қайрат» сапында өнер көрсетті. Премьер-лигада алматылық клуб сапында 132 матч өткізіп, 7 гол соққан.

Исламбек Қуат биылғы чемпионатта барлығы 7 кездесуге қатысты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или