Зарина Дияс Жапония турнирінде басты фаворитті жарыстан шығарды

Зарина Дияс Жапония турнирінде басты фаворитті жарыстан шығарды

Қазақстандық қыздың келесі қарсыласы кейінірек белгілі болады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстанның бұрынғы бірінші нөмірі, қазір WTA рейтингінде 318-орында тұрған Зарина Дияс Жапонияның Фукуока қаласында өтіп жатқан ITF W35 турнирінің ширек финалында Австралия өкілі Лизетт Кабраны (215) жеңді.

1 сағат 52 минутқа созылған кездесу 6:2, 3:6, 6:2 есебімен Диястың пайдасына шешілді.

Еске салайық, Кабрера турнирде бірінші нөмірмен қатысып, басты фаворит саналған еді.

Жартылай финалда қазақстандық теннисші «жапон дербиінің» жеңімпазы Химено Сакацуме (252) - Эри Шимизу (373)мен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или