Рай Сейітжанов Лондонда жекпе-жек өткізеді

Рай Сейітжанов Лондонда жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Рай Сейітжанов (11-1, 7 КО) келесі жекпе-жегін 25 мамырда Лондонда (Ұлыбритания) өткізеді, деп жазады Prosports.kz.

BoxRec.com сайтының хабарлауынша, Сейітжановтың қарсыласы 33 жастағы румындық спортшы Октавиан Грати (8-82-4, 4 КО) болмақ. Жекпе-жек алты раундқа жоспарланған және жартылай орта салмақта өтеді.

Рай Сейітжанов бұған дейінгі жекпе-жегін өткен жылдың 13 желтоқсанында Мәскеуде (Ресей) өткізіп, бесінші раундта ресейлік Вадим Мұсаевты (12-0, 8 КО) техникалық нокаутпен жеңген болатын.

Грати 3 мамырда Германияның Хильдешхайм қаласында Германияда тұратын Украина тумасы Эльдар Бағыровтан (2-0, 1 КО) ұтылып қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или