«Жеңіс» пен Қазақстан құрамасының қорғаушысы жарақаты туралы айтып берді

«Жеңіс» пен Қазақстан құрамасының қорғаушысы жарақаты туралы айтып берді

Астаналық «Жеңіс» пен Қазақстан құрамасының қорғаушысы Мади Хасейн жарақаттан кейін қалпына келу мерзімі туралы айтып берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

— Қазір қалпына келу кезеңін өтіп жатырмын. Бәрі жақсы, оңалу жоспарланғаннан да жылдам жүріп жатыр. Осы маусымның соңындағы екі-үш ойында алаңға ораламын деп үміттенемін, — деді футболшы «Pluste Bol» YouTube-арнасына берген сұхбатында.

Еске салайық, футболшы ҚПЛ-дің 3-турындағы «Ұлытауға» қарсы матчтың екінші таймының соңында Хасейн доп үшін талас кезінде жарақат алған болатын. Кейін футболшыға сәтті ота жасалып, ол оңалту кезеңін бастағаны хабарланды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или