Зарина Дияс Жапониядағы турнирдің ширек финалына шықты

Зарина Дияс Жапониядағы турнирдің ширек финалына шықты

Қазақстандық теннисші, әлемнің 318-ракеткасы Зарина Дияс Фукуока (Жапония) ITF W35 турнирінде екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жарыстың 6-ракеткасы болып тіркелген Зарина Дияс рейтингіде 1378-орындағы жапониялық, 18 жастағы Рико Кикавадаға тап келді.

Зарина қарсыласына екі сетте де еш мүмкіндік берген жоқ – 6:0, 6:0.

Кездесу небәрі 53-минутқа созылды.

Зарина Дияс жартылай финалға шығу үшін әлемнің 215-інші, осы доданың 1-ракеткасы, аустралиялық Лизетт Кабрерамен таласады. Ол екінші айналымда рейтингіде 687-сатыдағы тағы бір жапониялық Мана Кавамураны тізе бүктірді – 7:5, 7:6 (7:3). Тартысты матч 2 сағат 19 минутта бітті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или