«Қайраттың» 16 жастағы шабуылшысы кумирін атады

«Қайраттың» 16 жастағы шабуылшысы Дастан Сәтпаев «Челсидің» жұлдыздары туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Scout in Eurasia порталына сілтеме жасап.
«Челсидің» қай ойыншыларымен ойнағым келеді? Қазіргі таңда олардың құрамы өте мықты деп ойлаймын. Энцо Фернандес пен Коул Палмермен бірге алаңға шықсам, қуанышты болар едім. Бірақ ең алдымен Михаил Мудрикпен — ол әрдайым менің кумирлерімнің бірі болған, оның жылдамдығы мен техникасы керемет», — деді жас футболшы.
Еске салайық, Сәтпаев «Челси» сапына кәмелет жасына толған соң, яғни 2026 жылы жазда қосылады. Трансфер сомасы төрт миллион фунт стерлингті құрады.
🗣️ Dastan Satpaev: Which Chelsea players would I like to play with?
— Scout in Eurasia (@scout_eurasia) May 7, 2025
I think they have a very strong squad right now. I’d love to play with Enzo Fernández and Cole Palmer. But especially with Mykhaylo Mudryk — he’s always been one of my idols because of his speed and technique. pic.twitter.com/Vay7lPb91z