Қазақстандық теннисші Қытайдағы турнирдің жекелей және жұптық сынында жеңіліп қалды

Қазақстандық теннисші Қытайдағы турнирдің жекелей және жұптық сынында жеңіліп қалды

Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин Қытайдың Баотоу қаласында өтіп жатқан турнирдің жекелей және жұптық сынындағы өнерін аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ломакин Григорий жекелей сында америкалық Джейкоб Брамммен кездесіп, 3:6, 1:6 есебімен жеңіліп қалды.

Кездесу 1 сағат 9 минутқа созылды. 

Кейін ширек финалда Ломакин жұптық сында тайваньдық Цун-Хао Хуаньмен жұптасып, Юцюань Цзинь / Зекай Ли дуэтімен күш сынасты. Бұл матчта Григорий Ломакин мен Цун-Хао Хуань 6:7, 5:7 есебімен қарсыластарына жол берді. Матч 1 сағат 29 минутқа созылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или