Луис Энрике: Мбаппе кеткен соң команда күшейді

«Пари Сен-Жермен» бас бапкері Луис Энрике команда капитаны, Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппенің кетуіне қатысты пікір білдірді. Еске салсақ, 26 жастағы футболшы маусым басталмай тұрып еркін агент ретінде мадридтік «Реалға» ауысқан еді.
ПСЖ өз жұлдызын ұстап қалуға тырысқанымен, Энрике Мбаппенің клубтан кеткеніне өкінбейді. Оның ойынша, Килианның ойыны жаттықтырушының стиліне толық сай келмеген, ал қазір команда бұрынғыдан да мықты болып отыр.
«Өткен маусымда Мбаппесіз біз жақсырақ команда боламыз деп айтқанда, мен батыл қадамға бардым деп ойлаймын. Статистика да соны көрсетіп тұр. Әрине, оның кеткені өкінішті, бірақ жігіттер бұны өздеріне сын ретінде қабылдады. Маған төрт ойыншының әрқайсысы 12 гол соққаны жақсырақ, біреудің 40 голынан», - деді Энрике The Touchline-ға берген сұхбатында.