19 жастағы қазақстандық файтер дебют жекпе-жегінде жеңіске жетті

19 жастағы қазақстандық файтер дебют жекпе-жегінде жеңіске жетті


OCTAGON 1XBET SELECTION 51 турнирінде кәсіби деңгейде дебют жасаған спортшылар арасында кезекті жекпе-жек өтті. Бұл турнирді Евразиялық жекпе-жек лигасы 1XBET серіктестігімен бірге ұйымдастырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Аса жеңіл салмақта 19 жастағы қазақстандық Қуаныш Торлан 22 жастағы жерлесі Шахан Махажановпен кездескен болатын. Бұл дебюттық жекпе-жек толық қашықтыққа созылған жоқ.

Қуаныш Торлан бірінші раундтың екінші минутында маунтқа шығып, кездесуді техникалық нокаутпен аяқтады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или