Суперкомпьютер Чемпиондар лигасының басты фаворитін атады

Opta суперкомпьютері УЕФА Чемпиондар Лигасының жартылай финалынан кейін кім жеңіске жетуі мүмкін екенін болжады. Prosports.kz мәліметінше, париждік «Пари Сен-Жермен» жеңіске жетуге басты үміткер болып тұр — олардың жеңіске мүмкіндігі 53,7% деп бағаланған. Ал миландық «Интердің» мүмкіндігі — 46,4%.
Еске салайық, жартылай финалда ПСЖ лондондық «Арсеналды» қос ойынның қорытындысы бойынша 3:1 есебімен жеңді. «Интер» болса каталониялық «Барселонаны» алдымен 4:3, сосын 3:3 есебімен жарыстан шығарып жіберді.
Чемпиондар Лигасының финалы 31 мамырда өтеді. Шешуші ойын Мюнхендегі «Альянц Арена» стадионында ойналады. Айта кетейік, турнирдің қазіргі жеңімпазы — мадридтік «Реал». ПСЖ бұл турнирде әлі жеңіске жетпесе, «Интердің» еншісінде үш кубок бар.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или