Самородок «Ахматтағы» үздік ойыншының бірі атанды

«Ахмат» жанкүйерлері сәуір айында команданың ең үздік ойыншысы ретінде жартылай қорғаушы Лечи Садулаевты таңдады. Бұл туралы Prosports.kz хабарлады.
25 жастағы Садулаев өткен айда бес матч өткізіп, бір нәтижелі пас берген. Дауыс беру қорытындысы бойынша ол қазақстандық шабуылшы Максим Самородов пен қақпашы Гиорги Шелияны басып озды.
Қазіргі таңда «Ахмат» Ресей Премьер-лигасында 27 турдан кейін 24 ұпай жинап, 13-орында тұр. Келесі турда Сергей Ташуев шәкірттері 11 мамыр күні сырт алаңда «Акрон» командасына қарсы ойнайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или