Қазақ рапирешілері Шанхайда жүлде үшін таласады

Қазақстанның рапирадан ұлттық командасы Қытайдың Шанхай қаласында өтетін беделді Гран-при кезеңіне қатысады, деп хабарлайды Olympic.kz.
Ерлер арасындағы жарыста еліміздің намысын Ғалым Нұрумов пен Тимофей Семенов қорғайды. Ал әйелдер арасындағы бәсекеде Софья Ақтаева медаль үшін күреседі.
Гран-при турнирі 16-18 мамыр аралығында өтеді. Қазақ спортшылары бұл жарыста үздік нәтиже көрсетуге ниетті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или