Юлия Путинцева Римдегі турнирден күтпеген жерден ұшып қалды

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Римде өтіп жатқан беделді WTA 1000 турнирінің екінші айналымында күтпеген жерден жеңіліп қалды. Ол румындық Жаклин Кристианға 6:7, 5:7 есебімен жол берді.
Ойын 2 сағат 7 минутқа созылып, Путинцева біраз сәттерде жеңіс үшін мүмкіндік жасағанымен, шешуші ұпайларды пайдалана алмады.
Айта кетейік, ертең Италия астанасында тағы бір қазақстандық теннисші Елена Рыбакина алғашқы кездесуін өткізеді. Оның қарсыласы — германиялық Ева Лис.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или