Хакими мен Зоммер – аптаның үздік ойыншысы атағына үміткерлер

УЕФА баспасөз қызметі Чемпиондар лигасының жартылай финалының қарымта матчтарынан кейін аптаның үздік ойыншысы атағына үміткерлерді атады. Бұл тізімде ПСЖ қорғаушысы Ашраф Хакими мен «Интер» қақпашысы Ян Зоммер бар.
Хакими «Арсеналға» қарсы өткен кездесуде (2:1) гол соғып, командасының финалға шығуына үлес қосты. Ал Зоммер «Барселонамен» болған тартысты матчта (4:3) талай қауіпті соққыны қайтарып, «Интердің» жеңісінде басты рөл атқарды.
Аптаның үздік ойыншысы жанкүйерлердің дауыс беруі арқылы анықталады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или