Рамазан Оразовтың командасы Дания кубогының финалына шықты

«Силькеборг» өз алаңында Дания кубогы жартылай финалының қарымта ойынында «Брондбюді» қабылдап, 2:1 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Силькеборг» (Силькеборг, Дания) – «Брондбю» (Брённбю, Дания) – 2:1 (алғашқы ойын – 3:3)
Гол соққандар: Каллам Макковатт 16, Йенс Гаммелбю 66, Милета Райович 47.
«Силкеборгтың» қазақстандық жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов қосалқы құрамда қалды.
Айта кетейік, Оразовтың командасы Дания кубогының финалында «Виборг» – «Копенгаген» кездесуінің жеңімпазымен ойнайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или