Лаутаро Мартинес рекорд жаңартуы мүмкін

Аргентина ұлттық құрамасы мен италиялық «Интер» клубының шабуылшысы Лаутаро Мартинес рекорд жаңартуға жақын, деп хабарлайды Prosports.kz.
27 жастағы шабуылшы Чемпиондар лигасының 1/2 финал қарымта матчында (4:3) бір рет «Барселона» қақпасының торын тулатты.
Осылайша «Интер» сапында аталған турнирдің бір маусымында ең көп гол соққан Эрнан Креспомен теңесті.
- Эрнан Креспо – 9 гол (2002/03)
- Лаутаро Мартинес – 9 (24/25).
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или