«Арсенал» ойыншылары париждік клубқа қарсы ойында камбэкке сенеді

Лондондық «Арсеналдың» жартылай қорғаушысы Деклан Райс Чемпиондар лигасының жартылай финалындағы екінші матч алдында өз ойымен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Еске салайық, алғашқы кездесу Парижде өтіп, алаң иелері 1:0 есебімен жеңіске жеткен еді.
«Қазір командада керемет рух қалыптасқан. Ең бастысы – өзімізге сену, ал бұл жағынан бәрі жақсы. Егер біз өз ойынымызды жоғарғы деңгейде көрсете алсақ, кез келген қарсыласты жеңу қолымыздан келеді. Маңызды сәттерде біз өзімізді көрсете аламыз және оны тағы да дәлелдеуге дайынбыз», – деп келтіреді Райстың сөздерін УЕФА баспасөз қызметі .
«ПСЖ» мен «Арсенал» арасындағы жауапты кездесу 8 мамырда Парижде өтеді. Ойын Астана уақыты бойынша түнгі сағат 00:00-де басталады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или