Астанада тректегі велоспорттан ірі халықаралық турнир өтеді

Астанада тректегі велоспорттан ірі халықаралық турнир – Silk Way Series Astana 2025 өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Турнир «Сарыарқа» велотрегі базасында өтеді.
Жарысқа он елден келген спортшылар қатысады. Бұл турнир аясында Қазақстан, Әзербайжан, Беларусь, Оңтүстік Корея, Өзбекстан, Армения, Грекия, Ресей, Латвия және Литва құрамалары күш сынасады.
Silk Way Series турнирі 16-18 мамыр аралығында өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или