«Барселона» вингері клуб жанкүйерлеріне уәде берді

«Барселона» вингері клуб жанкүйерлеріне уәде берді

«Барселона» вингері Ламин Ямаль клуб жанкүйерлеріне уәде берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Бар күшімізді салдық. Алайда биыл жолымыз болмады, бірақ біз мықты болып ораламыз.

Кулес, біз клубымызды өзінің лайықты орнына шығармайынша тоқтамаймыз. Мен берген уәдемде тұрып, трофейді Барселонаға алып келемін.

Жексенбі күні тағы бір финал бар және бәрімізге бір жұдырықтай жұмылу керек. «Барса» жасасын!», – деді 17 жастағы футболшы.

Еске салайық, кеше «Барселона» Чемпиондар лигасының жартылай финалында «Интерге» есе жіберген еді. Матч 4:3 есебімен аяқталды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или