Алматы паделден әлемдік деңгейдегі турнирді қабылдайды

Алматы паделден әлемдік деңгейдегі турнирді қабылдайды

Әлемдік падел жұлдыздары FIP BRONZE KAZAKHSTAN турниріне қатысу үшін Қазақстанда жиналады. Ерлер турнирі 8–11 мамыр аралығында, ал әйелдер сайысы 21–25 мамыр аралығында өтеді. Екі жарысты да Алматы қаласындағы Add Padel and Table Tennis орталығы қабылдайды. Ол Өтепов көшесі, 2/2 мекенжайында орналасқан. 

Падел – спорттың қарқынды дамып келе жатқан түрлерінің бірі. Ол өткен ғасырдың 60-жылдары Мексикада пайда болғанымен, соңғы жылдары ерекше танымалдыққа ие бола бастады. Бұл спортпен өзге спорт түрлерінің жұлдыздары да айналысады. Мысалы, Лионель Месси. Сонымен қатар, бұл спорт түрін кәсіби спортшылар ғана емес, инфрақұрылымы бар қалалардағы қарапайым тұрғындар да ермек ретінде таңдайды.

Алматы қаласы тарихында алғаш рет Паделдің Халықаралық федерациясы (FIP) ұйымдастыратын турнирлерді қабылдайды. Бұл Bronze санатындағы жарыстар болмақ. Ерлер турниріне жиырмадан астам елден спортшылар тіркелген. Алматыға Испания мен Аргентинадан да спортшылар келген. Бұл елдердің падел мектептері әлемдегі ең мықтылардың қатарында. Қатысушылар тізіміндегі ерекше назар испаниялық жұп – Игнасио Вилариньо Гестосо мен Хайме Муньосқа аударылып отыр. Екеуінің жалпы әлемдік рейтингтегі ұпайы – 1650. Екеуі де ТОП-100 құрамында.

Алда болатын жарыстарға және Қазақстандағы паделдің дамуына елеулі қаржылық қолдауды Tennisi.kz букмекерлік компаниясы көрсетті. Бұл букмекер бұған дейін де елімізде бірқатар ірі спорттық шараларды қолдаған болатын.

Tennisi.kz компаниясының басшысы Сергей Казаков: «Tennisi.kz Қазақстан падел федерациясының бәс тігу бойынша серіктесіне айналғанына шын жүректен қуаныштымыз! Бұл қарқынды дамып келе жатқан спорт түрінің елімізде өркен жаюына көмектесу – біз үшін үлкен мәртебе. Бүгінде падел – Tennisi, ал Tennisi – падел.

Бұл сәнді де стильді спорт түрі ақпараттық кеңістікке тез енді және ол қазақстандықтар арасында жылдам танымал болып келеді. Падел ойнауды үйрену оңай әрі көңілді – бұл отбасымен немесе достармен бас қосып, уақытты қызық әрі денсаулыққа пайдалы етіп өткізуге таптырмас мүмкіндік. Алайда, оның оңайлығына қарамастан, паделде тереңдік мол – бұл ойында адам өмір бойы шеберлігін шыңдай алады.

Бұл ойынның рухы бізге өте жақын, біздің миссиямыз бен құндылықтарымызға толықтай сәйкес келеді. Жасыл доп бар жерде – Tennisi.kz те бар», – деді ол.

Қазақстан атынан, соның ішінде іріктеу кезеңінде, турнирге 19 ойыншы тіркелді. Сол себепті жергілікті жанкүйерлер өз спортшыларын қолдау мүмкіндігіне ие болады. Ресейден де турнирге 11 спортшы қатысады. Жарыстың негізгі кезеңі 1/16 финал сатысынан басталады.

Турнирдің жүлде қоры – 3500 еуро. Жарыс нәтижесіне қарай, әр команда FIP рейтингінде белгілі бір ұпайға ие болады.

Турнир матчтарын Qazsport-тың YouTube арналарынан көруге болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или