«Реал Мадридтің» келесі трансферлік мақсаты белгілі болды

Испаниялық «Реал Мадрид» футбол клубының келесі трансферлік мақсаты белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Мадридтік команда еркін агент атанатын ойыншыларды бақылауды жалғастырып жатыр. Бұл жолы клуб «Ливерпульдің» тағы бір футболшысы Ибраима Конатеге көз тігіп отыр.
Ойыншының клубпен келісімшарты 2026 жылы жазда аяқталады. Transfermarkt порталы орталық қорғаушыны 60 млн еуроға бағалап отыр.
Осы маусымда футболшы клуб сапында барлық турнирде 39 матч өткізіп, екі гол соғып, екі нәтижелі пас берді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или