Қазақстан әлем чемпионаты алдында Словениядан жеңіліп қалды

Хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы Әлем чемпионатының алдында Словения құрамасымен жолдастық матч өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sport+ сайтына сілтеме жасап.
Ойынның есебі — 3:2, словениялықтардың пайдасына. Қазақстан құрамасының сапында шайбаларды Кирилл Панюков (Алихан Әсетов пен Тамерлан Гайтамировтың пасынан) және Аркадий Шестаков (Никита Михайлис пен Артём Королёвтың пасынан) соқты.
Қазақстан құрамасы үшін Әлем чемпионатының басталуы — 10 мамыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или