Зарина Дияс Жапониядағы турнирде 16 жастағы теннисшіні ойсырата ұтты

Зарина Дияс Жапониядағы турнирде 16 жастағы теннисшіні ойсырата ұтты


Қазақстандық теннисші, әлемнің 318-ракеткасы Зарина Дияс Фукуока (Жапония) ITF W35 турнирін жеңіспен бастады.

Жарыстың алтыншы ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші алғашқы айналымда 16 жастағы жапониялық Юзуха Негишимен кездесті.

Жас теннисші тәжірибелі Зарина Диясқа қарсылық көрсете алмады. 

Небәрі бір сағатқа жетпейтін уақыт ішінде Зарина Дияс 6:1, 6:0 есебімен жеңіске жетті.

Теннисші Зарина Диястың келесі қарсыласы кейін анықталады. 

Аталмыш жарыс 11 мамырда мәресіне жетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или