«Челсидің» жанкүйерлері Дастан Сатпаевқа тәнті болып отыр

Лондондық «Челси» туралы жаңалықтар мен пікірлер жариялайтын ағылшынның @Blue_Footy парақшасы алматылық «Кайраттың» жас таланты Дастан Сатпаевтың биылғы маусымдағы нәтижелеріне таңғалысын жасырмады.
Еске сала кетейік, «Кайрат» Сатпаевтың «Челсиге» ауысуы туралы келісімге келген. Жас футболшы Англия Премьер-лигасының клубына 2026 жылдың жазында, кәмелет жасқа толғаннан кейін қосылады. Қазіргі таңда ол «Кайрат» сапында жалға алу келісімі бойынша ойнап жүр.
- Сатпаев осы маусымда жеті матчтың тек екеуінде ғана гол да, пас та бермеген. Екеуінде де ол ойынға екінші таймда қосылған. Ал негізгі құрамда шыққан әр кездесуде голға немесе нәтижелі пасқа үлес қосып жүргені расымен таңғаларлық, - деп жазды @Blue_Footy аккаунты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или