Роналдо мас күйінде видеоға түсіп қалды

Аңызға айналған бразилиялық шабуылшы, екі дүркін әлем чемпионы Роналдо Мадридтегі мейрамханадан мас күйінде шығып келе жатқанда видеоға түсіп қалғанын Prosports.kz хабарлады.
Бұл оқиға «Вальядолид» клубының сәтсіз маусымынан кейін жанкүйерлердің ашуын туғызды. Бразилиялық жұлдыз 2018 жылдан бері осы клубтың президенті әрі иесі болып келеді. Команда қатарынан сегіз матчта жеңіліп, турнир кестесінің соңына түсіп қалды да, тағы да Сегундаға құлады — Роналдо басшылық еткен уақыттағы үшінші рет. Әсіресе, «Барселонадан» 1:2 есебімен ұтылу жанкүйерлердің сабырын тауысты.
Желіде видео тарағаннан кейін «Вальядолидтің» жанкүйерлері Роналдоға наразылық білдіріп, оны клуб иесі қызметінен кетуге шақырып жатыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или