«Интер» мен «Барселона» Чемпиондар лигасының тарихына енді

«Интер» мен «Барселона» Чемпиондар лигасының тарихына енді


6 мамыр күні Италияда Чемпиондар лигасының жартылай финалының қарымта матчы өтті. Онда миландық «Интер» өз алаңында «Барселонаны» овертаймда 4:3 есебімен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Squawka деректеріне сүйенсек, бұл жұп жартылай финалдағы рекордтық нәтижелілікке қол жеткізді — қос кездесуде 13 гол соғылды. Қос матчтың жалпы есебі 7:6 болып, «Интердің» пайдасына шешілді (алғашқы ойын — 3:3).

Айта кетсек, бұған дейін дәл осындай гол саны 2017/18 маусымында тіркелген еді: ол кезде «Ливерпуль» мен «Рома» 5:2 және 2:4 есебімен ойнаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или